Бремер мен Басқару кеңесінің өкілдері АҚШ-тың 30-шы маусымға шейін билікті уақытша Ирақ үкіметіне беру жоспарында туындаған айтыс-тартыста БҰҰ-н ара ағайын болуын сұрамақ. Бүгін Бағдатта Ирақ шииттерінің көсемі аятолла Әли-ас-Систаниды қолдаушылар тез арада тікелей сайлаулардың өткізілуін талап еткен жапай шеру ұйымдастырды. Жексенбі күні Бағдаттағы одақтастар әскерінің штабы алдында лаңкестік шабуыл жасалуынан 23 адам опат болып, кемінде 100 кісі жараланды. Жапон өзін өзі қорғау күштерінің алғашқы жауынгерлері Ирақтың оңтүстігіндегі Әс-Самава кентіне келді. Алғашқы келген жауынгерлер наурыз айының соңына Ирақта орналастын 600 жапон жауінгеріне жағдай тудырады.