Шымкентте жасанды 44 мың теңге айналымнан шығарылды.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі Істер Бөлімінің баспасөз қызметінен Kazakhstan today тілшісіне хабарлады. 2 мың теңгелік 22 купюраны 32 жастағы жігіт жоғары оқу орнындағы оқу төлемі үшін Халық банкіне әкеліп өткізген. Арнайы детекторда тексеру нәтижесінде ақшаның жасанды екені анықталды. Жасанды ақша туралы ақпаратты Халық банкіндегілер сақшыларға хабарлады. Қамауға алынғанның айтуынша, бұл ақшаны ол университетте оқитын қарындасының оқу төлемі бойынша берешегін өтеу үшін туысқандарынан қарызға алған. Ақшаның жасанды екенінен ол мүлдем бейхабар болса керек. Ақшаның қалай жасалғандығын анықтау үшін сот-қылмыстық сараптама тағайындалды. Бұл жыл басынан бері Шымкентте тіркелген осындай алғашқы оқиға.