Дүйсенбіде Ливанмен арадағы шекара бойында израильдік бір жауынгер оққа ұшып, екіншісі ауыр жараланды.

ТАЯУ ШЫҒЫС: Дүйсенбіде Ливанмен арадағы шекара бойында израильдік бір жауынгер оққа ұшып, екіншісі ауыр жараланды. Израильдік армия басшылығының хабарлауынша, Ливан жағынан экстремистік “Хезболлаһ” тобының жасақтары әскери шынжыр табанды тракторды атқылаған. Ал “Хезболлаһ”-тың мәлімдеуінше, әскери автомәшине Ливан жеріне баса-көктеп кірген жерінде жойылған.