АСТАНА: Өткен 2003 жылы “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы 8 млн. т. жуық көмірсутегі шикізаты мен газ конденсатын өндірді, яғни алдыңғы жылдағыдан 6,5 пайыз көп немесе жоспардан тыс 194 мың тонна шикізат өндірілген. ҚазААГ-нің хабарлауынша, оның ішінде ұлттық компанияның “ӨзенМұнайГаз” және “ЕмбіМұнайГаз” сынды еншілес кәсіпорындары шикізат өндіру жоспарларын 2002-жылға қарағанда асыра орындаған.