Қазақстанға АҚШ-тың Аризона штатының өкілдері келді

  • Досан БАЙМОЛДА
Қаңтардың 21-і күні НАТО ның «Бейбітшілік үшінгі серіктестік» бағдарламасы аясында, АҚШ-тың Аризона штатының ұлттық гвардиясының қолбасшысы, генерал Давид Ратачак бастаған делегация Алматыға келді. АҚШ делегациясының Қазақстанға келу мақсаты ол осы НАТО ның «Бейбітшілік үшінгі секріктестік» бағдарламасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында істелген жұмыстарды қорыту ал алдағы уақытта істелетін жұмыстардың жоспар жобасын сөйлесу болмақ. Бұл жөнінде радиомызға Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агентігінің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежанов хабарлады.

Оның айтуынша қаңтардың 22 сі күні АҚШ-тың Аризона штатының ұлттық гвардиясының қолбасшысы, генерал Давид Ратачак бастаған өкілдерді Алматыда, Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агентігінің төрағасы Заманбек Нұрқәдәлов қабылдап, әңгімелескен.

Аризона штатының ұлттық гвардиясы мен Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агентігі 8 жылдан бері бір бірімен осы НАТО ның «Бейбітшілік үшінгі серіктестік» бағдарламасы шеңберінде тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстан жағынан 50 шақты адам халықаралық деңгейде өтілген төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған іс шараларға қатысып, өз білім тәжірибелерін арттырған. 1999 -шы жылы Аризона штатының ұлттық гвардиясы мен Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агентігі бірлесіп Алматы қаласында жер сілікіністеріне қатысты халықаралық семинар ұйымдастырып өткізді.