Адам құқықтарын қорғаушы “Хьюман райтс Уотч” халықаралық ұйымының мәлімдеуінше, Әзірбайжанда адам құқықтарын қорлау әлі де жалғасуда.

БАКУ: Адам құқықтарын қорғаушы “Хьюман райтс Уотч” халықаралық ұйымының мәлімдеуінше, Әзірбайжанда адам құқықтарын қорлау әлі де жалғасуда. Ұйымның бүгін жария етілген баяндамасында әзірбайжан түрмелеріндегі қорлау мен зомбылықтар, оппозицияны қудаланғаны туралы мәліметтер, әсіресе президент сайлауынан кейінгі жайттар келтіріледі. Баяндама Ильһам Әлиевтің Францияға сапары қарсаңында шығып отыр.