Американың ғарыштық мамандары Марс жұлдызының бетін кезіп жүрген “Спирит” кемесімен тәулік бойы байланыса алмай отыр.

ВАШИНГТОН: Американың ғарыштық мамандары Марс жұлдызының бетін кезіп жүрген “Спирит” кемесімен тәулік бойы байланыса алмай отыр. Жобаның жетекшісі Пит Тизингер хабарлағандай, “Спирит”-те елеулі техникалық ақаулық бар. Ғарыш аппараты Марсқа 3 қаңтарда жеткізіліп, содан бері ол жерге теңдессіз суреттер мен ақпарат жіберіп тұрды. Америкалық екінші “Оппортьюнити” аппараты Марсқа осы сенбіде жетуге тиіс.