Қазақстанның ІІМ-і мен ӘМ-інің қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитеті тергеу абақтыларын ішкі істер мекемесінен комитеттің құзырына беру үрдісін қаңтар айында аяқтауды жоспарлауда.

АСТАНА: Қазақстанның ішкі істер министрлігі мен әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитеті тергеу абақтыларын ішкі істер мекемесінен комитеттің құзырына беру үрдісін қаңтар айында аяқтауды жоспарлауда. Ол жөнінде KZ-тудэй агенттігіне комитет төрағасы Ғалымжан Хасенов хабарлады. Әділет министрлігі комитетінің қарауына бас-аяғы 20 тергеу абақтысы, оның ішінде Шымкент, Алматы және Ақтау қалаларындағы салына бастаған абақтылар бар.