Түркия үкімет басы Режеп Тайып Ердоған Ирақта күрд аутономиясының пайда болуы Түркияны қатты алаңдататынын мәлімдеді.
Кеше Нью-Йоркте орналасқан Сыртқы істер бойынша Кеңесте сөйлеген сөзінде Түркия үкімет басы Ережеп Тайып Ердоған Түркия жағының діни немесе этникалық негізде құрылуы мүмкін Ирақ мемлекетінің федералдық болашағына сенбейтінін мәлімдеді:
"Солтүстік Ирақтың талабы федерация екені аян. Бұл жерде біз сүйенетін қағида мынау. Этникалық немесе діни негізге құрылған федерацияны біз қолдамаймыз. Біз оны жылы қабылдай алмаймыз."
Ердоған сәрсенбі күні АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуге тиіс. Ол кездесуде Ираққа қатысты Түркия алаңдаушылығын мәселе етіп көтермек. Нью-Йорктегі сөзінде Түркия үкімет басы өз елінің Батыспен қарым –қатынасына да тоқталды:
"Түркияның сәті түсіп Еуроодаққа қосылуы мұсылман қауымының Еуропа халқымен күллі әлемдік құндылықтар негізінде шынайы үйлесүін көрсеткен болар еді".
Дей келе Ережеп Тайып Ердоған Таяу Шығыс тұрақтылығына Түркия қосып отырған үлесті де атап өтті:
"Көрші болғандықтан біз Таяу Шығыстағы бейбітшілікке де маңызды үлес қосып отырмыз. Көрші елдердегі кез-келген тұрақсыздық бізге әсер етеді, сондықтан біз бұл аймақта тек тыныштық болғанын қалаймыз".
Сондай-ақ Ердоған Баку –Джейхан құбырының іске қосылуымен Түркияның Орта Азиядағы экономикалық рөлі өсе түседі деді:
"Каспий аймағының телегей-теңіз мұнайын айдайтын Баку-Джейхан құбырына да еліміз үлкен үміт артып отыр. 2005 жылдан бастап бұл қуат қорларын әлем базарына шығару бұл аймақтың экономикалық дамуына негіз болмақ яғни тұрақтылығына да кепіл болмақ".
Кипр мәселесіне орай Ердоған бұ мәселеде БҰҰ ның дәнекерлік рөліне үміт артатынын мәлімдеді.
"Кипрге қатысты айтарымыз өкінішке орай осы кезге дейін бұ салада алға жылжу болды деу қиын. Біздің үкіметіміз әу бастан шешім қабылдамай отыру мәселені шешу емес деумен келді. Кипрде 2003 жылдың 14 желтоқсанында өткен сайлайдан кейін іле-шала жаңа үкімет құрылды да біз сол жаңа үкіметпен жұмыс жасап жатырмыз. Алдағы мамырдың біріне шейін біз бұл бағытта көптеген қадамдар жасауға тиіспіз".
Бұған дейін Давоста сөйлеген сөзінде Ердоған БҰҰ мен бірігіп Кипр келіссөздерін қайта бастауға келістік деген еді.