АҚШ Демократиялық партиясы өз қатарынан президенттікітен үміткерлерді іріктеу үстінде. Ол үміткер алдағы президенттік сайлауда кәзіргі президент Джордж Бушпен сайысқа түсуге тиіс. Демократ үміткерлер сейсенбі күні өзара Нью Хампшир штатында сайлауға түспек. Демократтар өз арасынан Джордж Бушқа қарсы түпкілікті кімді таңдайтыны шілдеде өтетін осы партияның жалпы жиынында белгілі болады.
Сейсенбі күні Нью Хампшир штатында АҚШ Демократтар Партиясының өз арасынан президенттіктен үміткерлер таңдаудағы бір маңызды жиын өтеді. Осы Нью Хампшырда жеңген үміткердің алдағы президенттік сайлауда республикандық Джордж Бушпен сайысқа түсуі әбден ықтимал делініп отыр. Нью Хампшырдан кейін алдағы апталарда Демократтар қалған 50 штатта да осындай өзара сайысқа түспек.
Өткен аптада Аяова штатында өткен партия жиынында Вьетнам соғысының ардагері Джон Керру алға шықты. Өз сөзінде бұл үміткер кәзіргі президент Джордж Бушты нысанаға алып соғумен болды.
"Ол біздің еліміздің жаңа тарихындағы сыртқы саясатын ең астамшыл да икемсіз және жетесіз басқарған жан болды", деді Джон Керри Буш туралы.
Алайда Джон Керри Аяова штатында дауыс жинауда соншалықты суырылып алға шыға алған жоқ. Өйткені одан кейінгі орындағы Ховард Дин, үшінші орындағы Джон Эдвардттер одан көп қалыспай келеді. Ал, алда дауыс беруге тиіс 50 штат бар екені белгілі. 7 штат қатарынан дауыс беретін ақпанның 3 үміткерлер үшін шешуші асу деуге болады. 3 ақпан күні Американың батыс, шығыс, түстік теріскей штаттары дауыс береді. Сондықтан да 3 ақпан сайлауы үміткерлер үшін шешуші көрсеткіш болуы мүмкін дейді.
Вирджиния Университетінің саяси талдаушысы Ларри Сабато:
"Теріскей, түстік, батыс, шығысы бар бұл үлгі Американың жақсы үлігісі."
Осылайша үміткерлердің елдің тұм-тұсында халық талқысына түсіп жатуы сөз жоқ оларды тереңірек білу үшін маңызды шара дейді Като институтының маманы Пэтрик Башам.
"Осылайша олардың бірнеше ай бойы ел аралап науқан жүргізуі біздің оларды жан-жақты танып-білуіміз үшін маңызды."
Республикалық партияның Миннесота штатындағы өкілі Билл Френзел болса жоғарыдағы пікірмен келіспейді:
"Өз басым бұндай қаракүш сайысына үміткер болып қатыспас едім. Көріп отырғанымыз бір штаттан екінші штатқа салпақтап шаршап жүрген жандар. Бұны мен үміткер таңдаудағы озық үлгі дей алмаймын."