АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, бұл зерттеулер барысында, Ирақ соғысына Құрама Штаттары басында қандай үмітпен кірісіп, ал қазір шын мәнінде қандай жағдайдың қалыптасып отырғандығы анықталатын болады. Әсіресе, АҚШ-тың қару- жарақтарды тексеру бойынша комиссиясының бұрынғы басшысы Девид Кей мырза, аталған елдегі тексеру-зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін: “Ирақта ешқандай жаппай қырып-жойатын қару-жарақ болмаған-, деп мәлімдеме жасағаннан кейін жоғарыда айтылған тәуелсіз тексерудің жасалуын талап етушілер саны көбейе түсуде.