Израйль әскерлері бүгін таң ертең Газа қаласының Рафах аймағында рейд өткізді.

Журналистер хабарларына қарағанда, екі жақ шайқасы барысында төрт палестиналық қаза болған, оның бірі- Исламдық Жихад ұйымының өкілі екен. Рафах Мысырмен шекарада орналасқан. Израйльдіктер осындағы үңгіме жолдарды бақылауда ұстап отыр. Олардың айтуынша бұл жолдар қару-жарақ тасымалы үшін пайдаланылуда. Израйль әскерлері аймаққа жіті бақылау орнатуға кедергі тудырады деп, осы шекарада орналасқан палестиналықтар үйлерін бульдозерлермен ысырып тастаған-, дейді Дойтш пресс ақпарат агенттігі.