Мерзімді басылымдарда, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы өтетін президенттік сайлауға түсетіндігі , журналист Генадий Бендицкий және білім беру жүйесіндегі жаңа өзгерістер туралы материалдар жарық көрген.
“МК в Казахстане” басылымының 5 ақпан күнгі санындағы ақпараттар ағымында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы өтетін президенттік сайлауға түсетіндігі хабарланыпты. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевқа 16 ақпан күні кездескен кезде айтыпты. Ертісбаевтың айтуынша, әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы өтетін президенттік сайлауда жеңіп шығатындығына және 2013 жылға шейін мемлекет басшысы болатындығына сенімді екендігін білдіріпті. Газет тілшісінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлу арқылы халықтың сеніміне ие болуды көздеп отыр.
«Ана тілі” апталығында жарық көрген мақаласында журналист Жұмабай Құлиев, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың талабын көп жағдайда ұлықтардың құлағына да қыстырмайтындығын сөз қылыпты. Мысалы, 2001 жылы көкекте Нұрсұлтан Назарбаев Астана көшелерін өзі аралап көріп, ондағы кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру туралы және ғимараттардың шекелеріндегі басқа тілде жазылған атауларды өзгерту жөнінде Кәрім Мәсімовке үлкен жиында тапсырма берген. Мақала авторының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл тапсырмасы орындалмаған, қайта Астана көшелеріндегі басқа тілде жазылған атаулар онан сайын қаптап кеткен.
“Сөз” тәуелсіз апталығының соңғы санында жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның саяси эссесінде мемлекеттегі кемшіліктерге байланысты тек әкімдер мен ұлықтарды ғана айыптаудың қисынсыз екендігі сөз болған. Гүлжан Ерғалиева Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекті өзі заңды бұзатындықтан, басқалардан заңдылықты талап ете алмайды деп пайымдайды. Гүлжан Ерғалиева күндердің –күнінде Нұрсұлтан Назарбаев дәуренінің де аяқталатындығын тілге тиек етіп, Қазақстан мемлекетінде диктатура орнап кетпеу үшін, саяси өзгерістер жасау қажеттілігіне тоқталып өтеді.
“Время” газетінің журналисті Генадий Бендицкий де мерзімді басылымдардың басты тақырыбына айналды. “Время” апталығының 5 ақпан күнгі санының бірінші бетінде, 7 ақпан күні журналист Генадий Бендицкийді қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттің “Сары арқа” кинотеатрының алдында шеру өткізетіндігі хабарланыпты. Газеттің екінші бетінде Генадий Бендицкийдің төңірегіндегі болып жатқан оқиғаға байланысты “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Болат Әбілов, “Журналистер қауіп-қатерде” атты қоғамдық ұйымның басшысы Розлана Таукина және Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сеитқазы Матаев өз ойларын ортаға салыпты.
“Мегаполис” апталығына берген сұхбатында адвокат Виталий Воронов та журналист Генадий Бендицкийдің төңірегіндегі болып жатқан оқиғаға кеңірек тоқталып өтіпті. Виталий Воронов журналист Генадий Бендицкийге төніп тұрған аса үлкен қауіп-қатер жоқ деп есептейді. Оның айтуынша Генадий Бендицкийге байланысты соттың емес, жеке адамның атынан қылмыстық іс қозғалып отыр. Алайда сот ешқандай да заңсыз әрекетке бармаған, Виталий Вороновтың айтуынша, Генадий Бендийцкидің үстінен арыз түскеннен кейін оның ақ-қарасын анықтау соттың басты мақсаты болғандықтан бүгінгі таңда сараптама жұмыстары жүріп жатыр.
“Жас алаш” басылымының бейсенбілік санында соңғы кездері білім саласындағы жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқудан кейінгі кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Кәрімбек Құрманәлиевпен сұхбат жүргізіліпті. Кәрімбек Құраманалиевтің айтуынша, білім алып жатқан студенттің де, білім беріп жатқан оқытушының да білімділігі мен біліктілігін тексеру мақсатында үстіміздегі жылы жоғарғы оқу орындары ІІ курс студенттерінің арасында мемлекеттік курсаралық бақылау тесті өткізілмекші. Тиісті балл жинай алмаған, яғни тесттен өте алмаған студент оқудан шығарылады.
“Экспресс К” газетінің соңғы санында жарық көрген Лиля Ержанованың мақаласында да осы тақырып жалғасын тауыпты. Мақала авторының айтуынша кейбір депутаттар білім беру саласындағы соңғы болып жатқан реформаларға аса разы емес. Көптеген депутаттар мектептерде он екі жылдық оқыту жүйесін енгізуге қарсы. Ал депутат Оразалинов мұндай тұжырымдаманы мүлде қабылдауға болмайды деп есептейді. Алайда министр Жақсыбек Қүлекеев реформаны тезірек енгізіп, тұжырымдаманы тезірек қабылдау керек деп пайымдайды.
“Известия Казахстан” басылымының бейсенбілік санында жарық көрген Полина Корнның мақаласында Білім министрі Жақсыбек Құлекеевтің мәжіліс депуттарының алдында білім беруге қатысты жаңа тұжырымдаманы қорғап шыққандығы хабарланыпты. Газет тілшісінің хабарлауынша, жаңа тұжырымдама іске қосылған кезден бастап, алдағы уақытта мектепке баратын балалалар он екі жыл оқитын болады.