Бұл жөнінде 5-ақпанда Астанада өткен баспасөз маслихатында ҚР үкімет басшысы Даниял Ахметов мәлімдеген. Сондай-ақ, бас мнинистрдің айтуынша, Қазақстан Франциялық компания Тоталды Құрманғазы кенішіндегі өз стратегиялық әріптесі етпекші. Ал кеніштегі өндірісті бөлу жөнінде Роснефть компаниясымен өткізілмек келіссөздер 2004-жылдың бірінші жартысында аяқталып, тиісті келісімге қол қойылмақ.