Ирақтағы АҚШ әскері құлаған Саддам Хусеин режиміндегі басты 55 тұлғаның тізіміне енгізіліген тағы бір адамды тұтқындады.

БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері “Баас” партиясының бұрынғы төрағасы әрі оның әскери құрылымдарының бұрынғы жетекшісі Мушир Хадра әл-Хафаджиді қолға түсірді. Ол жөнінде Пентагонның өкілдері хабарлады. Әл-Хафаджи – бұрынғы Ирақ режимінің АҚШ тарапынан іздеу жарияланған 55 басшысының тізімінде тіркелген.