Қырғызстан астанасынан хабарланғанындай, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан бас министр орынбасарлары бүгін Бішкекте кездесіп, Сырдаря бассейніндегі суды тиімді пайдалану мәселесін талқылады.
Шардара су қоймасы толу деңгейіне жетіп аса бастаған. Сондықтан көктемгі қар ерулері кезінде су одан да көбейіп, Сырдаря өзені бойлай тасқын қауіпі одан әрі ұлғая түспек, деген Қырғызстан бас министрі орынбасары Базарбай Мамбетов.
Қазірдің өзінде Сырдаря өзені тасып Қызылорда аймағындағы бір қатар ауыл аймақты су баса бастаған. 1300 дей адам өзге жерге көшірілген.