Бүгін Астанада Ресей қауіпсідік кеңесі хатшысы Владимир Рушайло, президент Путинның атынан қазақстандық 35 соғыс ардагеріне медалдар және ескерткіш марапаттар тапсырды.

Алдағы 2005-жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 60 жыл толатын мерекелік жыл, деді Рушайло. Бүгін сәрсенбіде сондай-ақ, Владимир Рушайло Қазақстан Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен кездесіп, әскери саладағы және Орталық Азия аймағындағы тұрақтылыққа қатысты мәселелерді талқылады.