БҰҰнан сайлау жөніндегі сарапшылар тобы Бағдатта.

Бүгін бейсенбіде БҰҰның сайлау жөніндегі сарапшылар тобы Нажаф қаласындағы өз үйінде, Иран Шиит мұсылмандарының рухани көсемі Аятолла Али ал-Систани мен кездесті. Бұл Бағдаттан 160 дай жерде болған уақиға. Али Систани Иран Парламенті үшін болатын сайлаудың ертерек өткізілуін талап етеді. Оны қолдап Бағдат және Басра қалаларында он мыңдаған адам бейбіт шерулерге шықты. БҰҰ тобы міне осы сайлауға дайындық жағдайымен танысқаннан соң Али Систанидің ұсынысын қолдап отыр, деген арнайы өкіл Лахдар Брахими. Бұл арада, Бағдаттағы бомбы шабуылдары кезінде, кеше екі американдық сарбаз қаза тауып, үшіншісі жараланған. Ал соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, батыстағы Фаллужа қаласында АҚШ күштерінің Таяу шығыстағы қолбасшысы генерал Джон Абизаид оқ астына алынған. Оған қарай 3 рет зымыранды гранат атылған. Сондай-ақ, мешіттен де оқ атылған. Бірақ генералдың тобындағылар аман қалған. Ол шабуылдан кейін қолбасшы қалаға кіру жоспарынан бас тартқан.