Қарағандыда ашаршылық, репрессия, дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандарға арнап дуға оқылмақ.

Ертең жұмада мұсылман, християн және католик діни өкілдері Қарағандыға келіп, бұл аймақта ашаршылық, саяси репрессия, соғыс кезінде, сондай-ақ жер асты кенішіндегі ауыр жұмстарда қаза тапқан азматтардың рухына арнап дуға бағыштайды. Бұл діни, рухани, имандылық шараларына Қазақстан бас мұфтиі Әбсәттар Дербісәлі мен ҚР Апостол нунцийінің орынбасары Тимон Хмелецкий қатысады.