Кеше жұмада, АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Ричард Баучер , Иран БҰҰ ядролық агенттігі қойған талаптарға орай іс тұтуы керек еді, бірақ осы кезге дейін өз ядролық бағдарламасы жөніндегі дерек-мәліметтерді құпия ұстап келуде, деген.
- Халықаралық атом қуаты агенттігінің бас директоры наурыз айында бұл жөнінде есеп береді. Сонда Иранның өз уәдесінде тұрған-тұрмағандығы анық болып қалады, - дейді Ричард Баучер.
Ал Иран сыртқы істер министрі Харразидің айтуынша, Иранның ядролық қарулар шығару жөніндегі жоспары жоқ екен.