Санкт-Петербург қаласы басшылары Астанаға келмек

Казинформ агенттігі хабарлағанындай, ақпанның 16сы дүйсенбіде, Қазақстан астанасына, Санкт- Петербург қаласының губернаторы Валентина Матвиенко жетекшілігіндегі ресми делегация келеді. Күн тәртібінде үкімет басы Даниял Ахметов, өнеркәсіп және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Астана әкімі Темірхан Досмұханбетовпен кездесулер бар. Сондай-ақ, іскер топтардың қатысуымен бизнес-форум өткізілмек.