Испанияның бірнеше қаласында Ирақтағы соғысқа қарсы шерулер болып өтті.
Шеруді ұйымдастырушылардың айтуынша, Мадрид көшелеріне 100 мың адам шықты. Ресми орындар болса бұл санды 10 есе кемітіп беріп отыр. Испания үкіметі қоғамның басым бөлігінің Ирақтағы әскери операцияға қарсылығына қарамастан оған қолдау көрсетті.