Оның мәліметі бойынша, 25 кісі көз жұмған олардың 6-уы бала. Ал ИТАР-ТАСС агентігінің төтенше жағдай штабына сілтеме жасап хабарлауынша, 28 адам мерт болған, олардың 24-інің кім екендері анықталған. Лужков үйінділерді аршыған сайын апат құрбанадарының саны арта түсуі мүмкіндігіне тоқталды. Құтқарушылардың пікірінше, үйінді астында 17-дей кісі қалуы мүмкін. Емханаларда 70 тен аса жаралы жатса, олардың 5-уінің халі тым мүшкіл. Аквабақты салған әрі жобалаған түріктің "Кочак иншат" және ресейлік " Сергей Киселев және серіктестер сәулеттік жобалау орталығы" атты компаниялардың лицензиялары тоқтатылды.