Кашмир мәселесін шешу мақсатында Исламабадта Үндістан мен Пәкістан өкілдерінің келіссөздері осымен 3 күн бойы жалғасуда.

ИСЛАМАБАД: Кашмир мәселесін шешу мақсатында Исламабадта Үндістан мен Пәкістан өкілдерінің келіссөздері осымен 3 күн бойы жалғасуда. Кеше тараптар алдағы келіссөздердің кестесі мен күн тәртібі бойынша өзара уәжге келді. Пәкістан президенті Первез Мушарраф келіссөздердің келесі сатысы – Үндістандағы парламент сайлауының артынша – мамыр айында өту мүмкіндігін жоққа шығармады.