Иранның солтүстік-шығысында жанар май мен тыңайтқыштар тиілген поезыдың бүгін болған апаты салдарынан 200-ден аса адам қаза болып, шамамен 350 кісі түрлі жарақат алды.

ТЕҺРАН: Иранның солтүстік-шығысында жанар май мен тыңайтқыштар тиілген поезыдың бүгін болған апаты салдарынан 200-ден аса адам қаза болып, шамамен 350 кісі түрлі жарақат алды. Жергілікті шенеунектердің хабарлауынша, темір бекетінде қараусыз тұрған рельсті мәшине өз бетімен қозғалып, ақырында рельстен шығып аударылып құлап өртене бастаған.