МИНСК: Беларусь президенті А.Лукашенко газ берудің Ресей қойған шарттарына Минск келісуге тиіс, бірақ Польша мен Германияға Беларуссия арқылы айдалатын газ транзитінің бағасын көтеруді талап етеді деп мәлімдеді. Бұл мәлімдемесін А.Лукашенко Ресей Беларуссияға газ беруін тоқтатуынан 1 тәулік өткенде жасады. Ресейлік газ компанияларының мәлімдеуінше, бұрынғы келісім-шаттардың мерзімі бітіп, енді газдың орташа нарықтық бағасын көтеруді көздеп отыр.