БҰҰ-ы бүгін Ирақтың саяси келешегі туралы баяндамасын жариялайды.

НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ы бүгін Ирақтың саяси келешегі туралы баяндамасын жариялайды. БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннанның жексенбіде хабарлағанындай, баяндаманы Ирақтағы ахуалды бақылап қайтқан К.Аннанның өз өкілі - Лаһдар Брахими бастаған сарапшылар тобы әзірлеген.