Гаагадағы Халықаралық сот бүгін Иордан өзенінің Батыс жағалауында Израильдің “қорғаныс қабырғасын” салу ісін қарауда.

ГААГА: Гаагадағы Халықаралық сот бүгін Иордан өзенінің Батыс жағалауында Израильдің “қорғаныс қабырғасын” салу ісін қарауда. Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз Иерусалимде кеше болған террористік қастандықтан кейін, терроршылдардан қорғану үшін ол қабырға қажет деп мәлімдеді. Сотқа шағымданған Палестина жағының мәлімдеуінше, қабырғаны салу кезінде Израиль Палестинаның жер телімдерін де басып алады.