Алматыда студенттер арасында І Республикалық инновациялық жобалар “INTECH-2004” олимпиадасы басталды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ
Қазақстанда “Samsung Electronics” компаниясы, “Аlmaty Trends” интеллектуалды клубы мен “Выбор молодых” жастар ұйымының және Қазақ Американ Университеттің ұйымдастырумен жоғары және орта мамандандырылған оқу орындары студенттері арасында 23-ақпан мен 21 мамыр аралығында І Республикалық инновациялық жобалар "INTECH-2004" олимпиадасы басталды. Бұл туралы ақпанның 23-і күні қазылар алқасының жетекшісі, Космостық зерттеулер институтының директоры Өмірзақ Сұлтанғазин хабарлады.

Өмірзақ Сұлтанғазин "INTECH-2004" олимпиадасын өткізудегі басты мақсат - ғылымға қабілетті жас таланттарды тарту, Қазақстанның 2003-2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасындағы міндетттерді орындау және жастардың интеллектуалды деңгейін көтеру, - дейді.

- Қазақстанның шикізат бағытындағы экономикасын өзгертіп, жаңа технологияларды пайдалау арқылы экономикамыздың өрлеуін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болуы мүмкін. Осы бағытта жастарды жұмысқа шақыру керек. Мемлекеттік үлкен бағдарламаларды іске асыратын кадрлар керек. Болашақта соны іске асыратын потенциалдар болу керек. Оны іске асыратын осы жастар.

"INTECH-2004" олимпиада жұмысы қаншалықты маңызды? Оның қорытындысынан не күтуге болады? Бұл сауалдарды сарапшы маман Зайра Ахметоваға қойған едік.

Сарапшы маман Зайра Ахметова да "INTECH-2004" олимпиадасы жастарды ғылымға тартуда, таланттарды табуда және жаңалыққа тың ойлар қосуға мүмкіншіліктер ашылады,- деп сипаттады.

- "INTECH-2004" жаңа технологиялар индустриясын дамытуға бағытталған жобалардың олимпиадасы. Мақсаты – жас таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету. Ғылымда шекара жоқ. Жастарға қолдау көрсетіп дұрыс бағыт берсек біздің ғылымымызда дамуы мүмкін.