Иран атом бағдарламасының кейбір тұстарына тағы күдік айтылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының қарамағындағы Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран күдікті атом бағдарламасының кейбір тұстарын ашпай отыр деп мәлімдеді. Күдікті сейілтуге Иран соңғы рет ынта танытпай отыр деп үміттенемін, деді агенттіктің директоры Эль Барадей. Ядролық бағдарлама жөнінде толық мағлумат бердік деп Иран қазан айында мәлімдеген. Алайда, Халықаралық атом энергетика агенттігі Иранда полоний затының белгілерін таптық деп сейсенбі күні мәлімдеме жасады.