КАНБЕРРА: Аустралияның премьер-министрі Джон Хоуард соғысқа дейінгі Ирақтың жарағында жойқын қарудың барлығы туралы барлау мәліметтерінің ақиқаттығын тексеретін тәуелсіз комиссия құруға нұсқау берді. Ондай шешім бүгін парламенттік комиссияның баяндамасы тыңдалысымен қабылданды. Баяндамаға сәйкес, Ирақтағы соғыс қимылдарына дейін Саддам Хусеиннің режимінен төнген қатерді Аустралия үкіметі асырып көрсетпеген.