Қазақстандық әзірбайжандар Ильхам Әлиев екі ел арасындағы байланысты нығайта түсіреді, деп сенеді

  • Гүлмира ХАМЗА
Ресми мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда мекендейтін әзірбайжан халқының саны 82 мың 300 адамды құрайды. Соңғы бес жылда әзірбайжан халқының саны 6,8 пайызға өскен. Олардың басым көпшілі ауылшаруашылық және мал шаруашылығымен шұғылданады. Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі Асылы Османованың пайымдауынша, Қазақстанда тұратын әзірбайжандардың жағдайы жақсы, бірақ екі ел арасында жүретін азаматтар қиындық көрмейді, деп айтуға болмайды. Асылы Османова, Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі: -Мен Әзірбайжан президентінің уақыты аз болғандықтан Қазақстандағы қандастарымен кездеспейтінін анықтадым. Егер президенттің уақыты болғанда, біз осы жердегі өмірімізді айтып, жағдайымызды сипаттап берер едік. Негізінен, Қазақстандағы әзірбайжандардың жағдайы жақсы, жаман емес. Бірақ біз екі ел арасындаы қарым-қатынас тек экономикалық жағынан шектелмей, мәдени-гуманитарлық байланыстар да нығайса, деген ұсыныс жасар едік.

Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі Асылы Османова Ильхам Әлиевтың сапары барысында осы мәселе шешімін табатын шығар, деп үміттенеді. Әзірге, Асылы Османова Ильхам Әлиевтың Қазақстанға келгенін қолдап отыр. Бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың нығайуына әсер беретін сапар,- дейді Асылы Османова. Асылы Османова, Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі: -Мен бұл сапарды жақсылыққа балап, жоғары бағалаймын. Себебі екі ел баяғыдан жақсы қарым-қатынаста болған. Әзірбайжанның жас президенті әкесінің саясатын ұстанады, деп ойлаймын. Қазақстан президенті өте білімді, беделді,тәжірибелі саясаткер, мүмкін Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтан ақыл, кеңес сұрауға, тәжірибе алмасуға келген шығар, деп ойлаймын. Әзірбайжан мен Қазақстан президенттері тәжірибе алмасады, дегенде талдаушылар, билікті әкеден балаға берген Әзірбайжанның тәжирибесін Қазақстан қайталауы мүмкін, деген болжам жасайды. Саясаткер Сейдахмет Құттықадамның ойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның саяси сахнаға шығауы бекер емес.

Сейдахмет Құттықадам, саясаткер: -«Асар» партиясының дүниеге келгені бекер емес. Бұл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билікті мұрагерлік әдіспен беру туралы ойланып жүргенінің белгісі. Бірақ президент әлі күнге дейін «Асар» партиясына бір жақты көзқарасын білдірген жоқ.

Саясаттанушы маман Бөріхан Нұрмухамедовтың пікірінше, Қазақстан билігі Әзірбайжанда болған оқиғаны қайталмайды. Бөріхан Нұрмухамедов, саясаттанушы: -Мен ойлаймын, Әзірбайжанда болған оқиғаны қайталау мүмкін емес. Себебі Әзірбайжан мен Қазақстандағы жағдайды салыстыруға болмайды. Әзірбайжандағы жағдай нашар, бірнеше жыл соғыс болды, сол себептен екі мемлекетті салыстыруға болмайды.