МӘСКЕУ: Шахматтан әлемнің экс-чемпионы Гарри Каспаров төрағасы болып табылатын ресейлік “Еркін сайлау-2008” комитеті қазіргі президент Владимир Путиннен басқа 4 үміткерді 14 наурызда өтетін президент сайлауына дауысқа түсуден бас тартуға шақыруда. Алдағы дауыс беру, аталмыш комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, сайлау емес, көзге шөп салу болады.