БАҒДАД: Ирақтың Басқару кеңесі өтпелі кезеңнің уақытша конституциясына қол қоюды Бағдад пен Қарбала қалаларында шийт мұсылмандарына кешегі шабуылдың салдарынан кейінге қалдырды. Ирақта, сонымен қатар, 140-тан аса адамдың қазасы мен 450-тен аса кісінің жаралануына соқтырған Бағдад пен Қарбаладағы кешегі қастандықтардың құрбандарыбойынша 3 күн аза тұту жарияланды. Ирақтағы АҚШ әскерінің өкілі генерал Марк Киммит бұл қастандықтарды ұйымдастырды деген бірінші күдік – “Әл-Қаида”-мен шатысы бар иорданиялық экстремист Абу Мусаб әз-Заркауи деп мәлімдеді.