«Хизб-ут-тахрир» ұйымының Орталық Азияда ықпалы бар ма?

  • Гүлмира ХАМЗА
Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитенің 3-ші наурыз күні жариялаған мәліметі бойынша, «Хизб-ут-тахрир» ұйымна мүше болып, үш жылға бас бостандығынан айырылған Нұржан Жақыповтың ісі аяқталғаннан кейін, Павлодар облысында тұтқынға алған бір топ азаматтың ісі қарастырыла бастайды. Қазіргі таңда Павлодарда ісі тергеліп жатқан бір топ азамат өткен жылдың аяғында қамауға алынған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Мұхтар Анарбековтың айтуынша,тергеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгісіз.
Мұхтар Анарбеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы: -Өткен жылы Шымкент, Байқоңыр, Павлодар қалаларында жүрген «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының мүшелері қамауға алынды, екі адам сотталды. Үстіміздегі жылы Шымкент қаласының тұрғыны сотталды. Бұл енді біздің мемлекетіміздің заңдарына сәйкес өткен сот процессі. Қазақстандағы кейбір саясаттанушылар «Хизб-ут- тахрир» ұйымына мүше азаматтарды қатаң жазалауға болмайды, деген пікірде. Саясаттанушы әрі «Саяси ағарту» қорының вице-президенті Берік Әбдіғалиетың ойынша, «Хизб-ут-тахрир» ұйымының әзірге ықпалы күшті емес, бірақ Орта Азия мемлекеттерінің басшылары жүргізіп отырған саясатын өзгертпесе, бұл ұйым күшейе түседі.

Берік Әбдіғалиев, «Саяси ағарту» қорының вице-президенті: -Егерде, көпшілік өзінің наразылығын білдіре алмаса, өмірдегі әлеуметтік әділсіздік күшейе түссе, демократия талаптары орындалмаса- экстремисттік ұйымдар күшейе түседі. «Хизб-ут тахрир» ұйымына мүше болған Нұржан Жақыповтың 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын, саясаттанушылар әр түрлі бағалайды. Саясаттанушы Қаhарман Қожамберді Қазақстан үкіметінің экстремистік ұйымнан қорқа бастағанын, байқауға болады, дегенді айтып отыр.

Қаhарман Қожамберді, саясаттанушы: -

«Хизб-ут-тахрир» ұйымы Ислам халифатын құруды жоспарлайды, бірақ бұл мүмкін емес. Алайда соңғы кездері «Хизб-ут-Тахрир» ұймына мүше жігіттер сотталып жатыр.Кеше Шымкенттегі жас жігіттердің бірі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Менің пікірімше, «Хизб-ут-тахрир» ұйымына мүше азаматтармен сот арқылы, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әрекетімен күресуге болмайды.

Қалай болғанымен, саясаттанушылардың ойынша, «Хизб-ут-тахрир» ұйымының әлі де болса, ықпалы жоқ. Бірақ бұл мәселені назардан тыс қалдырмау керек,- дейді саясаттанушы Берік Әбдіғалиев.

Берік Әбдіғалиев, «Саяси ағарту» қорының вице-президенті: -Демократиялық партиялардың жұмысына кедергі жасай беретін болса, сайлауды әділсіз жүргізе берсе, халықтың мұң-мұқтажын білдіретін ұйымдар мен адамдарды түрмеге қамай берсе, бұл террористтік әрекеттерге әкеліп тіреледі.

Бұл орайда, біз «Хизб-ут-тахрир» ұйымының ықпалын қарапайым қазақстандықтар қалай бағалайтының білуге тырыстық.

Қарапайым алматылықтарі: -Оны білмейміз. -Бұл ұйымды Алматы мен Алматы облысынан кездестірмейсіз. Бұл негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында кең тараған ұйым, мен бұл ұйым жөнінде жақсы білемін, бірақ қолдамаймын. Себебі бұл адасып жүрген жастардың басын қосатын ұйым, деп ойлаймын. -Мен бұл ұйым қандай екенін білмеймін,естіген емеспін.