Кабардин-Балқарда бүгін балқар халқын күштеп қоныс аудартуының 60 жылдығына арналған арнайы шара өтуде.

НАЛЬЧИК: Кабардин-Балқарда бүгін балқар халқын күштеп қоныс аудартуының 60 жылдығына арналған арнайы шара өтуде. 1944 ылдың 8 наурызында И.Сталиннің бұйрығымен НКВД әскері тең жартысынан көбін әйелдер мен сәбилер құраған 38 мың балқарлықты күштеп Орта Азияға көшіріп алып кетті. Сарапшылардың есептеуінше, 4 жылдың ішінде олардың әрбір үшіншісі аштық пен жоқтықтан опат болды.