«Начнем с Понедельника» газетінде жарияланған деректерге сүйене отырып, Үкімет басшысы Даниал Ахметовке жолдаған сауалында Парламент Мәжілісінің депутаты Өмірғали Кенжебек Қазақстандағы мұнай өнімдерінің бағасы ең арзаны Атырау мұнай өңдеу зауытында екеніне таңданыс білдіреді.
Оның айтуынша Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайдың бір тоннасы 240 доллар болса, Қазақстан бойынша орташа бағасы 354 долларды құрайды екен. Осы зауытта жанар-жағар майдың бір тоннасы 186 доллар болса, Қазақстан көлемінде орташа бағасы 325 долларды құраған.
Бұл орайда депутат зауыт пен тұтынушылардың арасында делдалдар бар және олар жанар-жағар майды сатып алушылардың оны тауар өндірушіден тікелей сатып алуларына жол бермей, мұнай өнімдеріне жасанды тапшылық жасап отыр деп есептейді.
«Қазақстанда мұнай өнімдері қымбаттап тапшылық болып отырғанда Атырау мұнай өңдеу зауыты экспортқа мұнайдың әр тоннасын 50-100 доллардан сатып отыр»,- дейді депутат Өмірғали Кенжебек.
«Ал, Атырау мұнай өңдеу зауыты пакет акциясының 86,7 пайызына ие «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мұнай өнімдерінің эскпортына бақылау жасап отыр ма?»,- деп сауал қояды депутат Өмірғали Кенжебек. Сөз болып отырған зауыт акциясының екі пайызы «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» жабық акционерлік қоғамының үлесінде екен.
Депутат Кенжебектің айтуынша, Атыру мұнай өңдеу зауыты «Қазмұнайгаздың » сауда үйі арқылы мұнай өнімдерін зауыттан шығатын бағасынан екі есе қымбатқа сатып отыр.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қаржы мәселесі бойынша басқарушы директоры Айдан Кәрібжановтың айтуынша, өткен жылы Қазақстанда барлығы 8 миллион тоннадан аса мұнай өңделген. Ал, одан Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесіне 26,5 пайыздайы ғана тиген. Кәрібжановтың сөзіне қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытының бәсекелестік қабылеті төмен. Ондағы жабдықтар тозған. «Зауытты жөндеу үшін Үкімет пен «Қазмұнайгаз» компаниясы 235 миллион доллар көлемінде жапон несиесін тартып отыр. Зауыт 2006 жылға қарай жөндеуден өткеннен соң оның мұнай өңдеу қуаттылығы 4,3 миллион тоннаға жетеді»,-дейді Кәрібжанов мырза. Оның айтуынша, зауыт шығарып отырған мұнай өнімдерінің бағасы төмен емес, ең төмен бағамен мұнай өнімдерін сататын «Петро Қазақстан» компаниясы.
Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы Ораз Жандосовтың айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауыты аз мөлшердегі өз көлемін нарықтағы бағадан төмен бағаға сатып отыр.
Атырау мұнай өңдеу зауыты пакет акциясынан екі пайыздық үлесі бар «Алмаз Интернэшнл Трейдинг Компани» Жабық акционерлік қоғамының Президенті Батырбек Бейжанов, аталған мәселеге Үкіметтің және «Қазмұнайгаз» мейлінше көңіл бөлуі керек деп есептейді. «Бұл іске құқықтық органдарды да қосу керек. Менің ойымша, бүгінгі күні авшорлықпен айнылысып отырған «Қазмұнайгаз» сауда үйінің өзі де көптеген салықты елге қалдырмай басқа елдерге жіберуге әрекет жасап отыр»,-дейді Батырбек Бейжанов.
Мәжіліс депутаты Рамазан Сарпековтың сөзіне қарағанда, депутаттар бұл мәселеге байланысты біраз жылдан бері тиісті орындардан ақпарат ала алмай келіпті. Парламент Мәжілісі Атырау мұнай өңдеу зауытында орын алған оқиғаларды зерттеу үшін барлық құжаттарды Мәжіліс депуттарынан құрылған комиссия қарауына жіберу туралы, Қазақстанның Бас прокуратурасына Атырау мұнай өңдеу зауытында қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру жөнінде, ал Үкіметке келтірілген фактілерді тексеруге ұсыныс жасау жайында қаулы қабылдады.