Қазақстанның кейбір азаматтары Экваториалық Гвинеяның президентін өлтірмекші болған деп жарияланды

Африкада орналасқан Экваториалық Гвинея елінің үкіметі президент Теодоро Обиаңды өлтірмекші болған топты қолға түсірдік деп жариялады наурыздың 9-да. Қамауға алынғандардың арасында Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлады "Рейтерс" және "Дойче пресс" агенттіктері. Дегенмен, Қазақстан азаматтарына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет айтылмады. 15 азамат - Оңтүстік Африка Республикасы, Армения, Қазақстан және Германия елдірінің азаматтары деп қане айтылды. Жалпы, іс бойынша 64 адам қамауға алынды. Бұлардың барлығы жексенбі күні Зимбабведе аялдаған ұшақта отырған. Ұшақтың құжаттары дұрыс болмаған деп айтылды. Зимбабве телекомпаниясы ұшақта табылған деп әскери жабдықтарды көрсетті дүйсенбі күні. Еш бір қару көрсетілмеді. Зимбабве президенті Роберт Мугабе бұл адамдарды АҚШ пен Британия маған қарсы жіберді деп мәлімдеді.