Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласында кеше болған 2 атыста 5 кісі оққа ұшты.

БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласында кеше болған 2 атыста 5 кісі оққа ұшты. АҚШ-тан келген баптист-миссионерлері отырып келе жатқан автокөлік тасадан атқыланып, 4 АҚШ азаматы мерт болып, басқа екеуі жараланды. Бүгін АҚШ әскерилерінің тілмәші болып жүрген Ирақ әйелі опат болды. Шабуыл салдарынан оның баукыры жараланды.