Литваның Конституциялық соты бүгін парламенттің Литва президенті Роландас Паксасқа таққан айыптары бойынша сауалын қарауға кіріседі.

ВИЛЬНЮС: Литваның Конституциялық соты бүгін парламенттің Литва президенті Роландас Паксасқа таққан айыптары бойынша сауалын қарауға кіріседі. Егер де сот президент Конституцияны бұзды деген айыппен келісетін болса, Литва парламенті - Сейм - Роландас Паксасты биліктен аластату мақсатындағы өткен жылы бастаған шарасын жүзеге асыра алады. Литва президенті халықаралық қылмыстық топпен ауыз жаласты және Ресей кәсіпкеріне заңсыз азаматық берді деп айыпталуда.