ЛОНДОН: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресей, Балтық теңізі жағалауы мен Орта Азия елдерінде және Израильде емдеуге өте қиын түбіркүлез кеселінің кең етек жайғаны туралы тағы да ескертуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан берілген хабарға сәйкес, БҰҰ-ы түбіркүлез кең жайылған әлемдегі 10 елдің 6-ауын Ресей, Эстония, Латвия, Қазақстан және Өзбекстан сынды кешегі Совет Одағы республикалары құрайтынын нұсқап отыр.