МАГАТЭ директоры бұл ұйымның Иранмен қоян-қолтық жұмыс жасай бастағанын мәлімдеді.

Вашингтон. БҰҰ ның Халықаралық Атом Агенттігінің директоры Мохаммед Елбарадей Иран бұл ұйымның сарапшыларымен толық жұмыс істеп жатыр деп мәлімдеді. Елбарадей өзін Иранның ядролық бағдарламасы алаңдатынын айта отырып, алайда дәл кәзір Иран МАГАТЭ мен толық жұмыс істей бастады деді. Бұ жәйлі Елбарадей Вашингтонда АҚШ президенті Джордж Бушпен кездесуден кейін мәлімдеді.