Қазақстанның мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар, соның ішінде шетелдік компаниялар Қазақстанның жаңа салық жүйесіне бүгін өткен халықаралық жиында өз наразылықтарын білдірді.
Биылғы жылдың басынан Қазақстанда мұнай-газ секторын игеруші шетелдік компанияларға жаңа салық жүйесі енгізілген болатын. Онда бұрын ескерілмей келген Қазақстан мүддесіне басымдық берілген еді. 19 наурызда Қазақстанның мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар, соның ішінде шетелдік компаниялар Қазақстанның жаңа салық жүйесіне бүгін өткен халықаралық жиында өз наразылықтарын білдірді. Өткен жылы Парламенттің жіті талқылауынан соң барып, биылғы жыл басынан күшіне енген мұнай өнімдеріне салынатын рента салығының өздеріне қолайсыз екенін айтып, Қазақстан үкіметін келісімге шақырып отыр. Алайда үкімет жағынан шақырылған жауапты қызметкерлердің дені басқосуға келмей қалды. Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің атынан сөз алған министрдың бірінші орынбасары Б.Ізмұқанбетов аталған жайттың мазалайтын мәселе еместігін жеткізді.Алайда «Делойт и Туш» аудиторлық фирмасының өкілі В.Коненко аталған салықтың салдарынан биыл Қазақстан өзіне келетін инвестициясын жоғалтты әрі жақында бұл жағдай өзгере де қоймайды дейді. Конференция соңында қатысушылар Президентке,Парламентке және ел Үкіметінің назарына арнап қарар қабылдады.