Наурыздың 19 күні Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, мүгедектердің қоғамдық бірлестік өкілдері бас қосып, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау үшін бюджет саясатын қалай жүргізуге болады?», деген тақырыпта сөз қозғады. Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлер және қалалық мәслихат депутаттары бюджет саясаты мүгедектерге қолайлы болу үшін, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өздері ат салысуы керек, деген ұсыныс жасады.
Алматыда тұратын мүгедектердің саны бүгінгі таңда 40 мың адамды құрайды. Алматы қалалық мүгедектер қоғамының жетекшісі Әли Аманбаевтың айтуынша, мүгедектер қоғамда емін-еркін жүру үшін, қоғамға пайда әкелу үшін, оларға әлеуметтік модель бойынша, қолдау көрсету керек, яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтар ешбір адамның көмегісіз көп қабатты ғимараттарға көтерілетіндей, қоғамдық көлікпен пайдаланатындай жағдайға қол жеткізуі керек. Мұндай мүмкіндікке Дания, Финдляндия мемлекеттері ие. Алдағы бес жылда Алматы мүгедектері осындай жағдайға қол жеткізетін шығар, дейді мәслихат депутаты Сейілбек Қалаков.
Сейілбек Қалақов, Алматы қалалық мәслихат депутаты:
-Қазақстан бойынша, Алматы бірінші болып бұл бағдарламаны жүзеге асырмақ.Алматы қалған өңірлерге үлгі көрсетеді. Мүгедектерге тек медициналық жәрдем көрсетіп ғана қоймай,олардың ары-бері арбамен жүруіне жақсы жол салып, көлікпен жүруге мүмкіндік туғызып, осы мәселелердің барлығын бір бағдарламаға біріктіруді көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз осы. Алдағы бес жылда бұл жоспарымыз іске асып қалар.
Алматы қалалық мүгедектер қоғамының жетекшісі Әли Аманбаев мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға назар бөлінетініне сенеді, бірақ көп жағдайда ақша жетпей жатады дегенді айтады. Сол себептен бюджеттік саясатты жүргізгенде мүгедектер өзекті мәселелерін айтуға тырысады.
Әли Аманбаев, Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы: -Мемлекет бюджетіндегі ақша барлығына бірдей жете бермейді ғой, сол себептен бізбен ақылдасып, ақша тек маңызды мәселелерге жұмсалса, деп отырмыз. Бірақ біз мәслихат депутаттарының бізбен кездесіп, әңгіме бөліскеніне ризамыз.
Наурыздың 19 күні халыққа арнаған үндеуінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың келер жылдан бастап әлеуметтік жәрдем ақысы көтерілуі керек, дегенді айтты. Осы мақсатта мемлекеттен 15 миллиард 800 миллион тенге көлемінде ақша бөлінуі қажет, деп жеткізді.
Алматы қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары Әсен Сүлейменованың айтуынша, департамент қолынан келгенше, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп жатыр. Алматы қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті бастығының орынбасары Әсен Сүлейменова: -Біздің департамент мүгедектерді қажетті арбамен, құрал жабдықпен қамтамасыз етіп отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасады. Қазіргі кезде мүгедектерге арналған автобус бар, бірақ бұл автобус тоқтайтын аялдама жоқ.
Қалай болғанымен, Алматы қалалық мәслихат депутаттары мүгедектердің мәселелерін бір немесе екі жылда шешу мүмкін емес, сол себептен оларға әрдайым назар аударып отыру керек, дегенді айтады.