Францияда бүгін аймақтық сайлаудың бірінші сатысы өтуде.

ПАРИЖ: Францияда бүгін аймақтық сайлаудың бірінші сатысы өтуде. Сарапшылардың пікірінше, іс жүзінде бұл сайлау Жан-Пьер Раффареннің үкіметіне сенім білдіру бойынша дауыс беру болмақ. Францұз халқы үкіметке риза емес: бюджет тапшылығы 60 млрд. еуродан асады, экономикалық өсім жоқ, жұмыссыздық ұлғайып барады. Ресми билік осы ахуал сайлауда әсіре ұлтшылдардың “Ұлттық майдан” партиясы үміткерінің жеңісіне мүмкіндік береді деп алаңдауда.