БУДАПЕШТ: НАТО-ның Бас хатшсы Яап де Хооп Схеффер бүгін Косово өлкесінде тыныштық орнату үшін этникалық албандардың жетекшілерін НАТО күштерімен ынтымақтасуға шақырды. Мажарстан астанасында сөйлеген сөзінде НАТО-ның Бас хатшысы аталмыш өлкедегі жанжал сабасына түседі деген үміт білдірді. Яап де Хооп Схеффер жергілікті көсемдермен кездесу үшін Косовоға бүгін ат басын тірейтінін хабарлады.