Польша полициясы Варшаваның орталығында террористік ұйымдармен байланысы бар деген күдікпен 2 Пәкістан азаматын ұстады.

ВАРШАВА: Польша полициясы Варшаваның орталығында террористік ұйымдармен байланысы бар деген күдікпен 2 Пәкістан азаматын ұстады. Полиция өкілі Дариуш Новактың поляк ақпарат агенттіктеріне хабарлағанындай, полиция басқа бірнеше елдің құқық сақшыларынан әлгі ұсталғандардың террористік ұйымдарға қатысы бар-жоқтығы туралы хабар тосып отыр.