Сербияның премьер-министрі В.Коштуница Косовода өзін-өзі басқару жүйесін енгізу жоспарын жүзеге асыру үшін ЕуроОдақтың қолдауын күтеді.

БРЮССЕЛЬ: Сербияның премьер-минисрі Воислав Коштуница Косовода өзін-өзі басқару жүйесін енгізу жоспарын жүзеге асыру үшін ЕуроОдақтың қолдауын күтетінін мәлімдеді. ЕуроКомиссияның төрағасы Романо Продимен Брюссельде бүгінгі кездесуінен кейін В.Коштуница: Косоводағы өзін-өзі басқару жүйесі өлкедегі сербтер мен басқа да азын-аулық ұлтардың құқықтарына кепілдік болады деп атап көрсетті.