Стокгольм соты бүгін Швецияның сыртқы істер министрін өткен қыркүйек айында пышақтап өлтіргенін мойындаған кісіні өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

СТОКГОЛЬМ: Стокгольм соты бүгін Швецияның сыртқы істер министрі Анна Линд ханымды өткен қыркүйек айында пышақтап өлтіргенін мойындаған кісіні өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Вециядағы серб эмигранттарының ұлы – 25 жстағы Михайло Михайлович Швецияның абырой биік саясаткерлерінің бірі – Анна Линдті Стокгольмнің әмбебап дүкенінде жүрген кезінде пышақ салып өлтірді деп айыпталды.