Пәкістан әскері Уәзірстан облысындағы “Әл-Қаида”-мен ауыз жаласқан тайпалардың 100-деген жасағына қарсы шайқасуда.

ИСЛАМАБАД: Пәкістанның үкіметтік армиясы мен елдің оңтүстік-батысындағы тайпалардың қарулы жасақтарының арасындағы қақтығысты басуды көздеген тайпа ақсақалдарының делегациясы дегеніне жете бастаған сияқты. Үкімет әскері Уәзірстан облысындағы “Әл-Қаида”-мен ауыз жаласқан тайпалардың 100-деген жасағына қарсы шайқасуда. Армия өкілдерінің хабарлауынша, кем дегенде 6 шетелдік жасақ оққа ұшып, 123-і тұтқынға түскен.